-
Басқы бет
→
- Жаңалықтар
«Ақбота» қалалық саябағының сыртқы келбетін жақсарту жобаларына конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Конкурстың
ұйымдастырушылары:
«Ақтау қалалық Кәсіпкерлік және өнеркәсіптікті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
«Ақбота» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Конкурстың мәні:
«Ақбота» қалалық саябағының аумағында орналастыру бойынша жобалар байқауы қаланың келбетін (атап айтқанда, қоғамдық демалыс орындарын) жақсарту мақсатында өткізіледі. Осы конкурсқа қатысуға жобалар қабылданады:
- балалардың ойын аймақтарын ұйымдастыру бойынша;
- карусельдер мен аттракциондарды орнату және ұйымдастыру (сонымен қатар бөлінген аумақта, оның ішінде фастфуда, балмұздақ, кофе және т. б. сауда нүктелерінде өзге сауда қызметін ұйымдастыруға тыйым салынады.);
- жұмсақ балмұздақтың фирмалық павильоны (жетекші брендтердің қатарынан).
Қосымша павильонда алкогольсіз салқындатылған сусындар, дайын тәтті пісіру, кофе сусындарын, сатуға рұқсат етілген.
Алкоголь өнімін, сондай - ақ осы хабарландыруда көрсетілмеген өнімдерді сатуға қатаң тыйым салынған.
Қалалық саябақ аумағында жобалардың орналасу орнын «Ақбота»МКК анықтайды.
Объектілердің орналасқан орны: Ақтау қаласы, 1-шағын аудан, қалалық саябақ.
Конкурсқа қатысуға өтінім беру орны: «Ақбота» ШЖҚ МКК, 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 9 шағын ауданы, № 23 ғимарат, холл (карантин кезінде құжаттар байланыссыз қабылданады (жәшікте қалдыру қажет), сонымен қатар барлығына өзімен бірге жеке таңғыштары болуы қажет.
Конкурс құжаттамасын ұсыну тәртібі:конкурсқа қатысуды қалайтындар бекітілген нысандағы өтінімді және конкурс құжаттамасының толық пакетін көрсетілген мекенжай бойынша өзі, почта бойынша немесе өзінің уәкілетті өкілі арқылы ұсынады.
Өтінімді беру мерзімі: 2020 жыл «19» мамырдан бастап «29» мамырға дейін жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ға дейін (жергілікті уақыт). Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін келіп түскен өтініштер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурс құжаттамасымен мына ресурстар арқылы танысуға болады: www.aktau.gov.kz, @aktau_akimat, www.facebook.com/AktauPress, www.akbota.mangystau.kz .
-
09.07.202023:07772Құрметті кәсіпкерлер! «Ақбота» саябағының аумағында заңсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынғанын хабарлаймыз. Осы талапты бұзу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес…
-
23.06.202015:011275От жителей города поступило обращение акиму города Актау с просьбой запретить электровелосипеды и электробайки в парке «Акбота». Ранее, в течение…
-
08.06.202020:451252